Жүк пойызы рельстен шығып, 60 тонна бензин аударылды – Жамбыл облысы
Жамбыл облысы Шоқпар станциясында жүк пойызының екі вагоны рельстен шығып кетіп, арты алапат өртке ұласты. Бір цистернада 60 тонна бензин болған. Сол аударылған кезде бірден от тұтаныпты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
30.06.2020
Биіктігі 10 метрге жуық алау станция мен жақын маңдағы ауыл тұрғындарына едәуір қауіп төндірген. Сондықтан жалпы саны 260-қа жуық адамның түн ұйқысын бөліп шұғыл үйінен шығаруға тура келген. Ал мамандар өршіген өртпен шамамен төрт сағат бойы алысып, таңға жуық әзер ауызықтады. Тек сол кезде ғана туыстарын жағалап кеткен тұрғындар баспанасына қайта оралды. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ ұзындығы 75 метр рельстің зақымдалуынан 15 жүк және жолаушы пойызы діттеген жеріне жете алмай, жарым жолда тұрып қалды. Тек түске таяу сапарын жалғастырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!