{metadescription}
Сенатта жуық арада қарбалас қайта басталады
Сенатта жуық арада қарбалас қайта басталады

Сенатта жуық арада қарбалас қайта басталады

Парламент демалысқа шықты. Қос палата бүгін бірлескен отырысын өткізіп, 6-шақырылымының 5- сессиясын қорытындылады. Дегенмен Сенатта жуық арада қарбалас қайта басталады. Өйткені тамызда сенаторлар сайлауы келе жатыр.

Жалпы алтыншы сайланған Парламенттің бесінші сессиясының жұмысы қауырт болған екен. Қос палатаның қарауына 161 заң жобасы болыпты. Қазірге дейін 86-на Президент қол қойып, күшіне енген. Атап өтерлік заңдардың бірі – «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы». Онда әлеуметтік саланы дамытуға республикалық бюджеттің барлық шығысының 46 пайызы бөлінген. Тағы бір атап өтерлігі, алғаш рет партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастарға міндетті 30 пайыздық квота енгізілді. Саяси партияларды тіркеу үшін адам саны 40 мыңнан 20 мыңға дейін азайтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде