{metadescription}
Асқар Мәмин: Қазірден бастап сандық технологиялармен жұмыс істеп үйренуіміз керек
Асқар Мәмин: Қазірден бастап сандық технологиялармен жұмыс істеп үйренуіміз керек

Асқар Мәмин: Қазірден бастап сандық технологиялармен жұмыс істеп үйренуіміз керек

Қазақстан халқының бес жылдан соң цифрлық сауаты сайрап тұруы тиіс. Үкімет алдына қойған мақсатына жету үшін ауқымды жобаны іске асырмақ. Ал қарапайым жұрт қазірден бастап сандық технологиялармен жұмыс істеуді үйрене беруі керек.

Асқар Мәмин, ҚР Премьер-министрі:

IT мамандарды даярлап қана қоймай, жұмыс істеп жүрген адамдардың дағдыларын цифрландыруға бейімдеу және олардың цифрлық сауаттылығын арттыру да маңызды. Қазақстандықтардың барлығы цифрлық алаңдарда жұмыс жасап, электрондық қызметтерді ала білуі қажет. 2025 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейін 87%-ға дейін жеткізу керек және өңірлер үшін бірыңғай жұмыс алгоритмін әзірлеу қажет.

Алдағы уақытта бүкіл қол жұмысының 80 пайызын, ал деректерді өңдеумен айналысатындардың 70 пайызын роботтар алмастырады. Халықаралық сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Сондықтан біздің ел де қамсыз қалмауы керек. Білім және ғылым, Цифрлық даму министрліктері әкімдіктермен бірлесіп «Цифрлық білім» ауқымды жобасын іске асыруы тиіс. Цифрлық даму министрлігі байланыс операторларымен бірлесіп, отандық білім ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс. Былтырғы адами даму индексінде Қазақстан 189 елдің ішінде 50-орынды иеленген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде