{metadescription}
Үкімет арзан отандық ПТР-тестін сатып алуға неге құлықсыз
Үкімет арзан отандық ПТР-тестін сатып алуға неге құлықсыз

Үкімет арзан отандық ПТР-тестін сатып алуға неге құлықсыз

Барды бағаламаған Үкімет! Отандық кәсіпкер елдегі covid-19 сынамасын талдайтын тесттің тапшылығы «жасанды әрекет» деп айыптады. Алтай Қалымбетовтың айтуынша, елімізде коронавирусты анықтайтын ПТР-тест жеткілікті дәрежеде өндірілсе де, Үкімет оны сатып алуға құлықсыз. Ал Алматыда ашық аспан астындағы тест тапсыратын орындар қайта жанданғанымен, халықтың наразалығы әлі басылмай тұр.

Таңнан бері кезек күткендер ұйымдастыру шаралары «олқы» десе, енді бірі қымбат бағасы қалтаны қағып жатқанын айтады. Тараптардың пікірін тілшіміз тыңдап қайтты.  

Алматыда коронавирусқа қатысты ашық аспан астында ПТР-тест тапсыратын орындар қайта жандана бастады. Таңмен таласа тұрған халық мұнда лек-легімен ағылып келіп жатыр. Алайда аптап күннің астында сарылып кезек күткен жұрттың көңілі күпті.

Денсаулығына алаңдаған Назгүл Мырзабаева covid-19 -ға сынама тапсыруға таңғы сағат сегізде келіпті. Содан бері қоршаудың әр жағынан телмірген оның кезегі жылжымаған. Тағаты таусылған ол ұйымдастыру шараларының олқылығына қапалы. 

Назгүл  Мырзабаева:

- Электрондық тіркеуді тоқтатып тастаған. Дәптерге жазылып, кезекке тұрдық. Оған қоса дәрігердің жанына барсаң, қайтадан сауалнама  толтыртады. Бұл дұрыс емес! Кезегіңді күтіп жайғасып отыратын орын жоқ. Қайда тұрарыңды білмейсің. Көлеңке іздеп сенделген жұрт құлағалы жүр. 

Тест тапсырып шыққан Мәншүк Оспанова банк саласында қызмет етеді. Бойжеткеннің айтуынша, жұмыс беруші сынамадан өтуге міндеттеген. Бірақ қажетті қаражатты өзі төлеген ол тесттің құны қарапайым жанның қалтасын қағады дейді.

Мәншүк Оспанова:

- Әрине қымбат – 15 мың 500 теңге төледім. Бұл негізі тегін болуы керек. Тымболмағанда осындай уақытта. Оны қазір еркімнен тыс тапсыртып жатыр.

Қараша қатта қапаланса да, жекеменшік клиника өкілдері «баға қалыпты» деп бет қаратпады. Олардың айтуынша, қажетті заттар шет елден келгендіктен шығын көп. «Алғашында 20 мың төңірегінде белгілесек, кейін жағдайды түсініп, бағаны төмендеттік» - дейді олар. 

Мин Хисук, клиниканың бас директоры:

- ПТР-тест дегенді жан-жақты қарау керек. Мәселен, Кореяда мұның құны 30 мың теңге тұрады. Реагент, қосымша заттардың бәрін Оңтүстік Кореядан алдыртамыз. Әрине, орташа алғанда 20 мың теңге болуы тиіс. Бірақ, қай елде қабылдап жатырмыз, халықтың тұрмысы қандай деген мәселені ескеріп, 15 мың 500 теңге деп бекіттік.

Алайда кәсіпкер Алтай Қалымбетов: «Сovid-19 сынамасын талдайтын тест төңірегіндегі дау қолдан жасалған» - дейді. Күйінген кәсіпкердің айтуынша, тапшылықтан көз ашпаған Үкімет отандық өнімді сатып алуға құлықсыз. Оның сөзінше, өзі басқаратын компания наурыз айында коронавирусты анықтайтын ПТР-тест әзірлеген. Аптасына 500 мыңын шығаруға қауқары жетеді. Қажетті  реагенттерді есептегенде, өзіндік құны небәрі 2 мың 400 теңге. Бірақ оны жеке және кейбір мемлекеттік зертханалар сатып алғанымен, құзырлы министрлік назар аудармаған.

Алтай Қалымбетов, диагностикалық тест өндіретін компанияның директоры:

Біз сатып алу жоспарына қанықпыз. Денсаулық сақтау министрлігі немесе өзгесі болсын, тізімде жоқпыз. Әрине, Қытай және Ресейде өндірілетін импорттық тесттерді сатып алғалы жатқанынан хабардармыз. Қыруар қаржы бөлінгенімен, ПТР-тесттің тапшылығын көріп жүрміз. Егер компаниямыздан жоспарлы түрде сатып алса, бағаны тағы түсіруге әзірміз. Өкініштісі, мемлекет отандық өнімге қырын қарайды.

Кәсіпкердің пікірінше, бұл мәселені қозғағанда зертхана қызметінің бағасын да есепке алу керек. Десе де өзіндік құнды қосқанда, тест тапсыру  5-6 мың теңгеден аспауы қажет дейді кәсіпкер. Ал Үкімет 1 миллион 200 мың тест сатып алуға 1 миллиард теңге бөлген. Үкімет ұсынған бағаны қарапайым арифметикаға салсаң, бір тесттің құны 833 теңгеге тең. Бірақ, кемінде 15 мың теңгеге анализ тапсыратын қараша қазіргі бағаның неге қымбат екенін түсінбей әлек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде