Тегеран ауруханасында жойқын жарылыс болды
Иран астанасындағы ауруханалардың бірінде жойқын жарылыс болды. Жантүршігерлік оқиғадан 19 адам қаза тапқан. Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін. Өйткені апаттан тағы 24 адам жарақат алыпты. Арасында тым ауыр хәлде жатқандар бар.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
01.07.2020
Жарылыстың арты алапат өртке ұласқан. Құтқарушылар отқа оранған ғимараттан 20 науқас пен дәрігерді аман алып шығыпты. Мамандар оқиға орнында әлі де жұмыс істеп жатыр. Олар жалынның көрші нысандарға таралуының алдын алған. Болжам бойынша жарылысқа оттегі толтырылған баллондағы ақау себеп болған. Айта кетейік, мұндай апат Тегеранда екінші рет қайталанып отыр. Санаулы күн бұрын қаланың өзге шетіндегі әскери нысанның қасында да газ жарылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!