Еуропаға саяхаттай алатын елдер қатарында Қазақстан жоқ
Еуроодақ бүгіннен бастап 15 елдің туристеріне шекарасын ашты. Кіріп-шығуға қойылған шектеу эпидемиологиялық ахуалы жақсарған мемлекеттерге алынған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
01.07.2020
Еуропаға кіруге рұқсат алған елдер қатарында Алжир, Австралия, Канада, Грузия және Жапония бар. Коронавирус алғаш шыққан Қытай да тізімге еніпті. Алайда бұл үшін Қытай еуропалықтарды да өз аумағына кіргізуі шарт. Азаматтары Еуропаға саяхаттай алатын елдер қатарында АҚШ, Ресей, сондай-ақ, біздің ел жоқ. Десе де бұл тізімге екі апта сайын өзгеріс енгізіліп отырырылады. Еске салсақ, коронавирусқа байланысты Еуроодақ наурыз айында шекараны жапқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!