Таразда өртенген қойма екі жарым сағатта әрең сөндірілді
Таразда көлік доңғалақтарын сақтайтын қоймадан өрт шықты. Түс ауа тұтанған тілсіз жау әп-сәтте 250 шаршы аумақты жалмап үлгерген.
Автор: Диас Нұрақын
01.07.2020
Қою қара түтін лезде қаланы тұмшалап тастады. Оқиға орнына 26 өрт сөндіруші мен 8 техника тартылған. Бірақ олар да тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтай алмаған. Өйткені тез тұтанатын резеңке доңғалақтардан шыққан жалын бет қаратпапты. Тіпті қою қара түтіннен түк көрінбеген. Десе де өрт екі жарым сағатта әрең сөндірілді. Мамандар жалынның жапсарлас жатқан өзге де қоймалар мен доңғалақ сататын дүкенге ұласып кетпеуін қадағалаған. Қазір шығын көлемі есептеліп, оттың неден тұтанғаны тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары