{metadescription}
Алматыда жүйткіген көлік газ құбырына соғылып, түгі қалмай жанып кетті
Алматыда жүйткіген көлік газ құбырына соғылып, түгі қалмай жанып кетті

Алматыда жүйткіген көлік газ құбырына соғылып, түгі қалмай жанып кетті

Алматыда жүйткіген көлік жеке үйлердің жанында орналасқан газ құбырына соғылып, оның арты жарылысқа ұласты. Соның салдарынан көлік тізгініндегі жүргізуші оқиға орнында ажал құшты.

Рeugeot көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бар жылдамдықпен бетон қоршауға ұрылған. Артынша газ құбырына соғылып, көлік отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті. Абырой болғанда, жалын жер үйлерге жетпепті. Өртті ауыздықтау үшін көгілдір отынның берілуін тоқтатуға тура келген. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Полиция департаментіндегілер марқұмның бұған дейін де жол апаттарына себеп болғанын айтып отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Жүргізушінің аты-жөні анықталды. 1970 жылы туған Е. есімді азамат. Оқиғаға дейін ол екі рет жол апатын жасап, із-түссіз жоғалып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде