Елорда күніне арналған іс-шаралар онлайн режимде өтеді
Елорда күніне арналған барлық шара онлайн режимде өтеді. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты осыған дейін жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Бас қала әкімдігі осылай хабарлады.
Автор: Ербол Тұрымбет
01.07.2020
Әуелде қала тұрғындары мен қонақтары шілденің 1-6 аралығында қазақстандық және әлемдік фильмдерді ашық аспан астында тамашалай алады деп хабарланған еді. Көрсетілім «Астана-Арена» стадионының алдында өтетін болған. Қазіргі қиын жағдайға байланысты ол болмайтын болды. Ал «Домбыра күні» шарасын тұрғындар телеарнадан онлайн режимде тамашалайды. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы, жұмыссыз әйелдерге бизнес негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы сынды бірқатар нысандардың ашылуы жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары