Атырауда дәріхана тоналды
Атырауда дәрі таба алмай әбден ашынса керек, әлдебіреулер орталық көшелердің бойындағы дәріханаларды тонай бастады.
Автор: Бекен Әлірахым
01.07.2020
Дәріхана есігін бұзып кіргендер қазір ел таппай сандалып іздеп жүрген аспирин, парацетамол және балаларға қажет жөргектерді ұрлап кеткен. Ұры да алысқа ұзамай ұсталыпты. Дегенмен тәртіп сақшылары оның әрекетін амалдың жоқтығынан емес, «кәнігі ұрының қанға сіңген қасиеті» деп отыр.
Гүлназира Мұхтарова,Атырау облыстық ПД Баспасөз хатшысы:
- Терезесін ығыстырып, дәріхананың ішіне кірген белгісіз адам ноутбук, памперс және түрлі дәрілерді қолды еткен. Полиция қызметкерерлері 1994 жылғы туған азаматты анықтап құрықтады. Одан айғақ затттар табылып, барлығы тәркіленді.Тексеру кезінде ол азаматтың бұдан бұрын бірнеше рет өзгенің мүлкін ұрлағаны анықталды. Қазір ол қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!