Дәріханалардағы былықтың беті ашылды
Дәріханалардың небәрі 60 пайызы ғана адал жұмыс істеп, бүкіл табысын көрсетіп отырады. Қалғаны не азайтып көрсетеді, не тіпті бақылау-кассалық машинасын қолданбайды. Аталмыш салаға талдау жүргізген мемлекеттік кірістер комитеті осындай былықтың бетін ашты.
Автор: Ербол Тұрымбет
01.07.2020
Комитет келтірген мәліметтерге қарасақ, елімізде барлығы 3 жарым мыңнан астам дәріхана тіркелген. Соның тек 2 мыңнан астамы ғана бүкіл табысын тиісті орындардан жасырмай көрсетеді. «Ал қалған 40 пайызы табысын жасырудың сан айласына барады», - дейді салықшылар. Дәрі саудасына қосымша құн салығы салынбайтындықтан, салық органдары оларды тексере алмайды. Ал онда едәуір ақша айналымы жүріп жатыр. Жаздың алғашқы екі аптасының өзінде елдегі дәріханалардың табысы 10 миллиард теңгеден асқан. Бірақ соның ішінде 99 дәріхана өзінің күнделікті ақша айналымын 5 мың теңгеден төмен деп көрсеткен. Күніне 700 және 1000 теңге деп, бір ғана түбіртекті көрсетіп отыратындар да бар екен.
Заңғар Шыңдалы, Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы:
- Дәріхана иелері онлайн-БКМ қолданбағаны анықталды. Бұл ретте олар өз қызметін тоқтатқан жоқ. 239 дәріхана иелері БКМ-ді күніне бірнеше рет қана қолданатын. Кейбір күндері қолданбаған. Демек, түсімді көрсетпеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!