{metadescription}
0:000:00
Теңіз кен орны: КВИ кесірінен біраз жоба жабылды

Теңіз кен орны: КВИ кесірінен біраз жоба жабылды

Теңіздегі жұмыс тағы тұралап қалды! Кен орнындагы біраз жобаны коронавирус кесірінен жабуға тура келген.

COVID-19 вирусының кесірінен ТШО бұған дейін де жұмысын ішінара, уақытша тоқтатқан болатын. Өйткені облыс бойынша қатерлі дертті жұқтырған адамдардың 90 пайызы осы өндірісітік аймақтан шықты. Аса қатерлі дерт әлі де кеніште аз емес. Осыған байланыстыТеңіз кен орнында бірқтара маңызды емес жобалар тағы уақытша тоқтатылды. Бірақ барлық жұмысшылардың 50 пайыз жалақысы осы жылдың соңына дейін сақталатын болады.

Бүгінгі таңда бұл бұйрық «Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлер құрамының шамамен 8%-на қатысты. «Осы күнге дейін яғни төрт  ай шамасында барлық жұмысшыларға жалақысы 100 пайыз төленіп келген. Ал осы жылдың 1- шілдесінен бастап 31-желтоқсанға дейін 50 пайыз ғана төленетін шешім қабылданды» -  деп ресми мәлім етті «ТШО» баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде