{metadescription}
0:000:00
Елдегі жағдай: КВИ жұқтырғандар саны 41 мыңнан асты

Елдегі жағдай: КВИ жұқтырғандар саны 41 мыңнан асты

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асып кетті. Өйткені бұдан былай науқастарды ауру белгісі бар немесе жоқ деп бөліп  жармайды. Яғни симптомсыз науқастар да бір статистикаға біріктірілді. Сондықтан бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандар көп тіркелді. Бір тәулікте 1604 адамнан қауіпті індет табылған. Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин мен Семейдің әкімі коронавирусқа шалдығыпты. Еліміздегі бүгінгі эпидемиологиялық ахуал:

Көктемде коронавирус келді деп жалпақ жұрттан сүйінші сұраған Жандарбек Бекшин де ауру жұқтырып алыпты. Алматының бас санитары бүгін оқшауланғанын жеткізді. Бірақ ол да өзге әріптестері сияқты кеселдің жеңіл түріне шалдыққан. Яғни ешқандай ауру белгілері байқалмайды. Бірақ тест нәтижесі ағзасында COVID-19 барын көрсетіпті.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас анитар дәрігері:

Мен де ауырып қалдым. Бірақ жағдайым жақсы. Ауру белгілері байқалмайды. COVID-19 болғанымен, симптомдары жоқ. Соған қарамастан қашықтан жұмыс істей беремін. Өйткені ауырып жатуға уақыт жоқ.

Семей қаласының әкімінен де коронавирус анықталды. Ермак Сәлімовтің де соңғы тапсырған сынамасынан вирус шыққан. Сондықтан ол онлайн жұмыс істеуге бел буыпты. Осылайша бұл кесел шенеуніктерді де, шақалақтарды да аяп жатқан жоқ.

Пандемия басталғалы  елімізде жаңа туған 21 нәрестеден коронавирус анықталған. Оларға жұқпалы дерт анасынан беріліпті. Ал соңғы төрт айда айы-күні жақындаған 1085 жүкті әйелден індет табылған. Сондықтан еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі босануға келген барлық әйелді COVID-қа тест тапсыруға міндеттепті. Тіпті жоспарлы түрде ауруханаға жататын науқастар да коронавирус жоқ деген анықтама әкелуі тиіс.

Людмила Бюракова, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- 15-мамырдан бастап жоспарлы түрде ауруханаға жататын науқастардан тест ала бастадық. Айналасы 15 күнде 200-ден астам азаматтан коронавирус анықталды. Ал маусым айында 1800 науқастан жұқпалы вирус шықты. Осылайша біз коронавирустың ауруханаларға таралуын тоқтаттық. Егер ешкімді тексермегенде, жоспарлы ем қабылдап жатқан азаматтар да вирус жұқтырып алатын еді.

Атырауда толғақ қысқандар мен шұғыл ота қажет науқастар дер кезінде ем-дом ала алмауы мүмкін. Өйткені облыста коронавирусқа тест тапсырған он мың адам сынама нәтижесін ала алмай сандалып жүр. Яғни екі аптадан бері ешкім өзінің  ауру, не сау екенін дәлелдей алмай әлек. Мұнайлы өңірде апта сайын жарты мыңға жуық адамнан ауру анықталуда. Ал соңғы тәулікте бұл көрсеткіш көбейіп, бір күнде 229 адамнан кесел табылды. Коронавирустан көз жұмғандар саны 30 адамға жеткен. Соған қарамастан аймақтағы мамандардың жұмысы тым сылбыр. Өйткені сынама қорытындысы кешіккенімен қоймай, кейбірінікі жоғалып кетеді екен.

Нұрлыбек Қабдықапаров, Атырау облыстық ДСБ басшысы:

- 10 мыңға жуық тест қорытындысы тұрып қалып жатыр. Бірақ біз өзімізде қорда тұрған демеушіліктен түскен тест бүгін ғана тапсырылды. Соған сәйкес, барлық нәтиже берілуі керек. Тапсырылған барлық анализдер 2-4 күннің ішінде тапсырған науқасқа жеткізілуге міндетті. Бұл мәселені мен қайталап айтқым келеді,  бұл тек қана біздің Атырау облысында болып жатқан проблема емес, ол Қазақстан бойынша проблема екені байқалып отыр.

Соңғы статистикаға сүйенсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асып кетті. Соның 14 мыңға жуығы емделіп шықса, 188 науқас қайтыс болды. Алайда  соңғы төрт айда коронавирусқа қарағанда тұмау мен пневмониядан көз жұмғандар көбейген. Мәселен, қаңтар мен сәуір аралығында 1128 адам суық тию мен өкпе қабынуынан бақилық болыпты. Ал қазір ауруханаларда 5 мыңға жуық науқас пневмониядан емделіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде