{metadescription}
0:000:00
Қалай емделеміз? Вице-министрдің кеңесі

Қалай емделеміз? Вице-министрдің кеңесі

Қазақстандықтарға енді дәрі-дәрмектің тек екі-үш қорабы сатылады. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі дәрі тапшылығының жолына осылай тосқауыл қойып көрмек. «Бір жағынан, препараттарды жөн-жосықсыз ішу ағзаға зиян, тіпті, өршіген вирустардан айықтырмайды», - дейді мамандар. Сонда ауруға шалдыққандар таралған инфекциялардан қалай емделуі керек? Дәріхана сөрелері қашан дәрі-дәрмекке толады?

Өткен аптадан бері дәрі іздеп сабылған жұрттың жанайқайы салалық министрлікке енді жетті. Шенеуніктер дәріханадағы ұзын-сонар кезек шешіліп, апта соңына қарай дәрілер қолжетімді болады дейді. Бұнымен қоса, жауапты орган препараттарды бей-берекетсіз сатуға шектеу енгізді. Енді бір қолға тек 2-3 қорап дәрі-дәрмек беріледі. 

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

Біз әкімдіктермен және бөлшек сауда желілері қауымдастықтарымен келісімге келдік. Яғни, бір адамға препарат 2-3 қаптама күйінде, шектеулі түрде сатылады. Себебі, ем-дом курсына дәл сонша препарат керек. Үйде препараттар босқа жатып қалмауы керек. Олардың да әрқайсысының өз жарамдылық мерзімі бар екенін ескерген жөн.

Жұрт дәріхана сөрелеріндегі парацетамолды таласып алып жатыр. Вице-министрдің айтуынша, температураны басқа да стероиодты емес  препараттармен түсіруге болады. Қазақстанда парацетамолды алмастыратын 80 түрлі дәрі тіркелген. Ал, бактерияға қарсы дәрілер инфекцияны жеңе алмайды екен. Дегенмен қазір үйде емделіп жатқандар көп. Өз бетінше емделген Несібелі Балабекова ауырғандарға елде еш жағдай жоқ дейді.

Несібелі Балабекова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Үш күн дене қызуым 39 градус болды. Дәм де, иіс те сезбедім. Сонымен әйтеуір үйтіп-бүйтіп, өз-өзімізге келдік қой. Жедел жәрдем шақырдық, келді. Температурамызды өлшеді. Орын жоқ деді. Терапевтіміз Эльдар деген жігіт телефонын мүлдем алмайды. Әр дәріханадан дәрілерді жинап-жинап алдық. Азицин, ингавирин, сосын дәрі ектік.

Дәрі тапшылығы, науқастар санының күрт өсуі, жедел жәрдемнің кешігуі, ауруханалардағы орын тапшылығы. Салада проблема шаш етектен болса да, Денсаулық сақтау министрлігіндегілер: «ем-домды үйде жасау ақылға сыймайды» деп отыр.

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Азаматтарға өз бетімен емделмеуді, инфекция белгілері болса антибиотиктерді өз бетімен қолданбауды ұсынамын. Ауру пайда болған кезде асқындырмау үшін әзірленген және ұсынылған жадынама мен чек-парақ бойынша әрекет ету қажет. Бактерияға қарсы препараттар вирустық инфекцияны емдеуге қолданылмайтынын еске салғым келеді.

Иә, дәрігер нұсқауынсыз дәріні көп ішу – ағзаға зиян. Әсіресе антибиотиктерді жөн-жосықсыз қолдану бауыр, бүйрекке зияны бар. Сол себепті жедел жәрдем емес, тым болмаса емханаға барған жөн. Елімізде амбулаториялық деңгейде әзірленген нұсқаулыққа сәйкес емделіп жатқандар вирусқа қарсы дәрілерді тегін ала алады.

Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта коронавирустың симптомсыз және жеңіл түрін жұқтырғандарға препараттарды үйіне дейін жеткізіп беруі мүмкін. Бұл әзірге ұсыныс қана. Жалпы, қауіпті індеттен науқастарды емдейтін 59 түрлі дәрі-дәрмекті үкімет 140 миллиондай теңгеге сатып алған. Таяуда оның барлығы аймақтарға жеткізілмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.