{metadescription}
Аягөз балалар интернатының директоры қызметінен кетті
Аягөз балалар интернатының директоры қызметінен кетті

Аягөз балалар интернатының директоры қызметінен кетті

Аягөздегі атышулы балалар интернатының директоры қызметінен кетті. Осыған дейін орталықты басқарып келген Нұрлан Қантаев орталықтағы 4 баланың өлімінен соң, әуелі тәртіптік жазаға тартылған, Ал бұдан былай балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет орталығын Шығыс Қазақстан облысының бас педиатры қызметін атқарған Шолпан Мақашева басқарады.

Мамыр айында Аягөзде психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған орталықта оннан астам тәрбиеленуші ауруханадан түскен болатын. Кейін инфекциялық ауруханаға жеткізілген балалардың төртеуі қаза тапты. Аягөздегі сұмдық оқиғаны зерделеген мамандар опат болғандардың ауруханаға кеш жеткізіліп, дәрігерлердің уақыт оздырып  алғанын айтқаны бар. Ал ресми мәлімет бойынша 4 баланың өліміне бүкіл ағзасы істен шығуы себеп болған. Алайда интернаттағы адам өлімі орталықтағы өзге былықтардың бетін ашып кетті. Мәселен, орталық басшылығы мемлекеттік сатып алу арқылы қымбат балық, уылдырық және өзге де жеңсік астарға тапсырыс берген. Ал шын мәнінде сырқат балалардың ауызына бұл ас тимепті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде