{metadescription}
Абақтыдағы төтенше жағдайға қатысты бірнеше шенді қызметінен қуылды – Көкшетау
Абақтыдағы төтенше жағдайға қатысты бірнеше шенді қызметінен қуылды – Көкшетау

Абақтыдағы төтенше жағдайға қатысты бірнеше шенді қызметінен қуылды – Көкшетау

Көкшетауда абақтыда болған төтенше жағдайға қатысты бірқатар шенділер қызметінен қуылды. Бірақ қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Әкімшілік қамауда отырған 6 адамның бір мезетте ес-түзсіз ауруханадан шыққанын бұған дейін айтқанбыз. Төртеуі сол ауруханада ес жимастан бақилық болды. Қызметтік  тексерістен кейін енді Ақмола облыстық полиция департаментіне қарасты  қабылдап-тарату мекемесі бастығының орынбасары, сол күні кезекшілік атқарған 3 қызметкер де ішкі істер органынан қуылды. Абақтының 3 қызметкеріне қатысты «қызметтегі әрекетсіздіктер» бабымен тергеу басталды. Көкшетау қалалық полиция басқармасы басшылары да жазадан құтылған жоқ. Қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бірақ адам өліміне әкелген жағдайдың нақты неден болғанын әзірге полициядағылар айтпай отыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде