Елімізде бір жылда азық-түлік 11 пайызға қымбаттаған
Азық-түлік бағасы ырық бермей барады. Елімізде тамақ бір жыл ішінде 11 пайызға қымбаттаған. Ал халықтың ішер асы жыл басынан бері 7 пайызға өсіп, инфляция деңгейі 4,2 пайызға жеткен.
Автор: Мақсат Мәлік
02.07.2020
Халықтың қалтасын қағып, бағасы шарықтаған азық-түлік тізімінде нан-тоқаш, сүт, ет, теңіз және кондитерлік өнімдер бар. Сондай-ақ, бір жыл ішінде жұмыртқа, май, алкогольді өнімдер мен суындар айтарлықтай қымбаттаған. Ал сиыр етінің келісі биыл 1 мың 900 теңгеден саудаланып, былтырғыдан гөрі 270 теңгеге өсіпті. Қой еті қазір кемі 1 мың 910 теңгеден сатылса, жылқы етінің келісі 2 мың 200 теңгеге жуықтаған. Халық көп тұтынатын тауық етінің бағасы да көтерілген. Бір қызығы, аймақтардағы баға тұрақтылығы әр түрлі. Мәселен, сары май Павлодарда 2 мың теңгеге бағаланса, Ақтауда 4 мың теңгеден асады. Тек бір жыл ішінде қант пен кейбір көкөніс түрі ғана қымбаттамаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!