{metadescription}
Аурухана былығын әшкерелеген хирург жұмыстан қуылды – Түркістан облысы
Аурухана былығын әшкерелеген хирург жұмыстан қуылды – Түркістан облысы

Аурухана былығын әшкерелеген хирург жұмыстан қуылды – Түркістан облысы

Аурухана былығын әшкерелеймін деп басы бәлеге қалды. Түркістан облысы, Келес аудандық ауруханасының хирургі әлеуметтік желідегі жазбасы үшін жұмыстан қуылды. Онда Қайрат Сейдуалиев ота жасауға берілген қолғаптардың сапасыз екенін айтқан. Қызу талқыға түскен видеодан кейін, 10 жылдық тәжірибесі бар маман қызметінен кетті.

Қайрат Сейдуалиев, хирург:

- Аурухананың заңгері, аурухананың кәсіподақ басшысы мен төрағасы, олардың мүшелері – 10 шақты адам маған қарсы хаттама түзіп, мені осылай бұйрық шығарып, үш минуттың ішінде қолыма бұйрықты әкеліп берді. Менің өмірімнің барлығы ота жасау бөлмесінде өткен. Мен жас маманмын. Мен «Дипломмен – ауылға» деген бағдарламамен ауданға келгенмін.

Аурухананың бас дәрігері өздеріне шаң жуытпайды. Қайрат Сейдуалиевтің жұмыстан босатылуына бірнеше себеп болғанын алға тартады.  Алайда айдан-анық дәлелдері жоқ. Тек науқастар тарапынан түскен арызға байланысты «арнайы комиссия осындай шешім қабылдады» деген жауаппен шектелді. Ал видеодағы қолғаптың сапасыздығы туралы жалған әңгіме дегеннен танбай тұр.

Аида Бексұлтанова, Келес аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Емханада себепті және қолғаптар размерімен бола тұра, емхана меңгерушісіне және аға мейірбикеге талаптама бермей немесе өзі барып сұрамай, өзінің жеңіл мінезімен видеоға түсіріп салып жіберген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде