{metadescription}
14 күндік карантин нәтиже бермесе, не істейміз? Карантин тыйымдары   
14 күндік карантин нәтиже бермесе, не істейміз? Карантин тыйымдары   

14 күндік карантин нәтиже бермесе, не істейміз? Карантин тыйымдары   

Ұшақтар ұша береді, пойыз қатынасы шектелмейді. Аймақтар арасына блок-бекеттер де қойылмайды. Дегенмен бірнеше нысан жұмысын тоқтатады. Той-томалақ өткізіп, ойын-сауық құруға да бұл күндері қатаң тыйым салынған. Елде 5-шілдеден бастап екі апталық жаңа шектеу шарасы жүзеге асырылады.  Денсаулық сақтау министрінің апта басында айтқан екінші сценариі қалай жүзеге асырылады? 14 күнге созылатын шара нәтиже бермесе, қайтпек керек?

Карантин қатаңдатылады десе, үркетін болдық. Көктемде екі ай үйіне қамалып, облыстар мен қалалар арасында блок-бекеттерден өте алмай, пойызбен, не ұшақпен ұша алмаған халық бүгінгі ел билігі қабылдаған шектеулерден қорыққан. Алайда шілденің бесінен басталатын карантин бұған дейінгісінен өзгеше.

Бұл жолы облыстар арасында, ішінде блок-бекеттер деген болмайды. Жеке көлікпен жүріп, ұшақпен ұшып, пойызбен де қатынауға болады. Ал өңіраралық жолаушылар автобусы тоқтайды. Қалаларға кіріп-шығу үшін ешқандай коронавирус жұқтырмаған деген анықтама қажет емес. Қоғамдық көлік те, белгілі бір кестеге сай жүреді. Бір ескеретіні, санитарлық талаптарды сақтау керек. Егер карантин режімін бұзсаңыз, айыппұл арқалайсыз.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Заң тарапынан жауапкершілік қаралғанын да естеріңізге салғым келіп отыр. Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға 83 мың, заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынатыны белгіленіп отыр.

Тығылып той тойлауға тыйым салынса да, карантинде ашық аспан астындағы дәмханада дәм татуға рұқсат бар. Сондай-ақ, саябақта  үш адам болып серуендеп, таза ауада жаттығу жасап, көлік жуып, оны техникалық жөндеуден өткізуге, ашық базарлар, азық-түлік дүкендеріне баруға мүмкіндік беріледі. Халыққа қызмет көрсету орындары мен банктер де жұмыс істейді. Құрылыс салу, кәсіпорындар күндегі жұмысын  тоқтатпайды.  Ал қандай нысандардың қызметіне тыйым салынады?

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Сұлулық салондары, шаштараз, монша, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, балабақшалар, лагерьлер, сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, компьютерлік клубтар және тағы да басқа нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынады. 

Бұл күндері дәріханалардың есігі айқара ашық. Медицина орталықтары тек алдын ала жазылу бойынша науқастарды қабылдамайды. Төрт айдан бері мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің 80 пайыздайы қашықтан жұмыс істеп жатыр. Олар сол күйі үйлерінде отырып, шаруасын дөңгелете береді.

Екі аптаға созылатын карантин  дүйсенбі күні жаңа Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың президентке таныстырған сценариінің бірі еді. Сонда шенеунік ауруханаға тәулігіне 7 мың науқас түсіп, төсек-орынға қажеттілік 80 мыңды құрайды деген еді. Болжамның қаншалықты іске асатыны 14 күннен соң белгілі болмақ. Ал егер жоспар іске аспаса, мемлекеттік комиссия шектеуді одан әрі қарай жалғастырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде