Павлодарда битум құйылған цистерна өртенді
Павлодар аса ірі экологиялық апаттан аман қалды.Түн ортасында қаладағы кәсіпорындардың бірінде битум құйылған цистерна өртке оранғанда, құтқарушылар сұмдық жағдай бола ма деп жанталасқан.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
03.07.2020
Өйткені өрт шыққан кәсіпорын мұнай химия зауытымен іргелес орналасқан. Сондықтан төтенше жағдай қызметі өртті ауыздықтауға бар күшін жұмылдырды. Тоғыз өрт сөндіру көлігі мен 30-дан аса өрт сөндірушіге көмекке зауыт жұмысшылары да келді. Алапат өртке ыстық өткізбейтін арнайы костюм киіп қана жақындауға болатын. Және де өртті көбік шашып қана сөндіру мүмкін еді. Екі сағатта павлодарлық құтқарушылар қауіптілігі аса жоғары өртті сөндірді. Бірақ тілсіз жау мың шаршы метр аумақты жалмап үлгерген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!