{metadescription}
Жаназа мен құдайы ас өткізудің жаңа талаптары
Жаназа мен құдайы ас өткізудің жаңа талаптары

Жаназа мен құдайы ас өткізудің жаңа талаптары

Бұдан былай жаназа намазға 30 кісіден артық жиналуға болмайды. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде қонақасы берілмеуі тиіс. Егер Covid-19 індетінен көз жұмған кісі болса, оның денесі дәрігер нұсқаулығымен жуылады. Ал намаз бен уағыз уақыты бес минуттан аспауы керек. Мүфтият бүгін жаназа мен құдайы ас өткізудің талаптарын жария етті.

Ершат Оңғаров, наиб мүфти:

Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтауға, қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтаруға, жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар және жас балалар жаназа намаздарына қатыспауға, қонақ асын өткізбеуге үндейді.

Коронавирустың кесірінен Құрбан айт та өзгеше тойлануы мүмкін. Биыл ұлық мейрам 31-шілдеге тұспа-тұс. Екі апталық карантин ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайды. Рамазан айындағыдай, намаз үйде оқылады. Індетті жұқтыру қаупі болғандықтан қазақстандықтарға туыстары мен достарын шақыруды уақытша тоқтату қажет дейді мүфтият. Ал құрбандықты қашықтан шалуға болады.

Ершат Оңғаров, наиб мүфти:

Құрбан айт мейрамы құрбандық шалумен ерекшеленеді. Құрбандық малын шалуды қашықтан орындаса болады. Тапсырыс беру арқылы орындаса да болады. Осыған біз жағдай жасауға тырысамыз. Ал құрбандық шалудың уақытына келетін болсақ, биыл 31-не болжанып отыр. Сол күні таңнан үш күн бойы күн батқа дейін шалуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде