COVID-19: Ауруханаларда 200 науқас көз жұмды
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны соңғы бір айда 4,5 пайызға артқан. Бұл туралы Денсаулық министрінің орынбасары мәлімдеді.
Автор: Диас Нұрақын
03.07.2020
Ажар Ғинияттың айтуынша, індет негізінен халық көп шоғырланған қалалар мен ірі өнеркәсіптік өңірлерде тез тарайды. Мәселен, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау мен Қарағанды қалаларында коронавирус жұқтырғандар көп. Жалпы соңғы бір тәуліктің өзінде жұқпалы дерт 1501 адамнан табылған. Соның үштен бірінде ауру белгілері байқалмайды. Бүгін ең көп өсім Атырау обылысында тіркелді. Мұнайлы өңірде 327 адамнан COVID-19 анықталды. Елде коронавирус жұқтырғандар саны 44 мыңнан асып кетті. Оның 15 мыңға жуығы жазылып шыққан.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Бүгінгі күні елімізде 44100 ге жуық жағдай тіркеліп отыр. Күніне орташа есеппен 1500 адам ауырады. Осы күнге дейін ауруханаларда 200 науқас көз жұмды. Қазір ауруханаларда ковид пневмониясымен 8500 адам емделіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!