{metadescription}
Бразилия президенті: Мен ауруханаға жатудан бас тарттым   
Бразилия президенті: Мен ауруханаға жатудан бас тарттым   

Бразилия президенті: Мен ауруханаға жатудан бас тарттым   

Бразилияда коронавирустың дендегені сонша, ел президентіне дейін дертке душар болған. Бұл мемлекет қазір ауру саны бойынша екінші орында тұр. Яғни, 1 миллион 700 мыңға тарта бразилиялықтан Covid-19 анықталған. Өзге мемлекеттердегі ахуал да мәз емес. Жалпы Қытайдан шыққан қауіпті кесел қазір әлемнің 188 елін шырғалаңға салуда.

Коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша антирейтингте Бразилия екінші орында тұр. Жалпы мұнда 1 млн 700 мыңдай адамнан Covid-19  анықталған. Оның 66 мыңнан астамы осы дерттен көз жұмды. Тіпті ел президенті Жаир Болсонару да дертке душар болыпты. Бірақ президент ауруханада емес, үйінде ем-дом қабылдауды жөн санаған.

Жаир Болсонару, Бразилия президенті:

- Жағдайым жақсы. Денсаулығыма алаңдағандарыңызға рақмет. Көп адам үйінде жатып қаза тапты. Мен ауруханаға жатудан бас тарттым. Өйткені елде көз жұмғандардың саны артып барады. Сондықтан ауруханаға ауыр хәлдегі науқастардың жатқаны дұрыс.

Үш миллионға тарта науқаспен көш басында тұрған Америка қанат жайған індетті ауыздықтай алмай әлек. АҚШ-та жарияланған карантиндік шектеу де септігін тигізбеген. Себебі, жұрт оны елемеген көрінеді. Керсінше, сауық-сайран құратындардың қатары артқан. Енді бұл елдің  эпидемиологтары биліктен індеттің ошағы болған Қытайдағыдай қатаң шектеу еңгізуді талап етіп отыр.

Эрик Фейгл-Динг, Гарвард университетінің эпидемиологі:

- Біз коронавируспен бірігіп күресуіміз керек. Сонда ғана індеттің таралуын тоқтатамыз. Бұған халықта түсіністікпен қарағаны жөн. Ал науқастарға Қытай қолданған препараттарды қолданып жатырмыз. Тек бізге аталмыш елдегідей қатаң карантин жетіспей тұр. Сондықтан билік тез арада шешім қабылдауы керек.

Қытайдан басталған коронавирус әлемдегі 188 елге тарап үлгерді. Жалпы инфекцияны 11 млн 838 мыңнан астам адам жұқтырған. Ал оның 544 мыңнан астамы дерттен көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде