Көлеңкелі табыс: ПТР-тестті заңсыз сатпақ болған
Індет өршіген тұста көлеңкелі жолмен табыс табатындар көбейді. Алматыда бірнеше адам коронавирус бар-жоғын анықтайтын тестті де заңсыз сатпақ болған. Олардың жолын полицейлер кесті.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
08.07.2020
Күдіктілердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат қағазы болмаған. Соған қарамастан жоғары сұранысқа ие тесттің 7 мың данасын сатуға тырысады. Осынша тауарды 33 миллион теңгеге бағалапты. Тексеріс барысында олардың көлігінен Қытайда өндірілген тағы 2 мыңнан аса тест тәркіленді. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары