Еріктілердің арқасында жаңа стационар жылдам іске қосылды
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Алматы тұрғындары індет ілмегіне ілінген науқастардың тиісті деңгейде ем-дом қабылдауына қол ұшын созуда. Еріктілер жаңадан ашылғалы жатқан мобильді стационарға дәрі-дәрмек пен төсек орын тасып жатыр. Олар бұл шараға бір-бірін әлеуметтік желіде шақырған.
Автор: Салтанат Шырынхан
10.07.2020
Жанашыр жастар үш күннен бері осында жүр. Жұмыстың көп бөлігі жүк тасу болғандықтан, бұл шараға көбіне жігіттер атсалысуда. Олар алғашқы күндері қорап-қорап дәрі-дәрмекті ішке кіргізген. Ал бүгін жатын орын мен төсектерді орналастырып жатыр. Өйткені ауруы асқынған науқастар көбейген сайын, ауруханаларда орын да тапшы. Ал мұнда жүрген еріктілердің арқасында жаңа стационар тезірек іске қосылмақ.
Арлан Қасымов, Алматы қаласының тұрғыны:
- Менің ойымша, елім деген әр азамат қиын жағдайда құр жатпай, көмектесуі керек. Мәселен, науқастарға ғана емес, ауруханаларда күнделікті жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне де қол ұшын созудың амалы бар. Халықты емдей алмасақ та, олардың мамандарға қаралуы үшін жағдай жасасақ дейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!