Елордада 56 көңіл көтеретін орын карантин талабын өрескел бұзған
Карантинді елемейтін кәсіпкерлер! Нұр-Сұлтан қаласында бес күн ішінде карантин талабын өрескел бұзған 56 көңіл көтеретін орын анықталды. Олардың барлығы қаланың бас санитары бекіткен қаулыға пысқырып, кәсібін қыздырған. Әсіресе қор-қор ұсынатын кафелерге әзірге «қой» дейтін қожа табылмай тұр.
Автор: Мақсат Мәлік
10.07.2020
Келушілерге кальян ұсынатын дәмхана полиция мен әкімдік қызметкерлеріне есігін іштен іліп алып, әзер ашты. Алайда іші клиенттерге толы көңіл көтерін орынның қожайыны карантин күшейтілгеніне қарамастан, жұмысын жалғастыра берген. Тіпті қулыққа көшкен кафе әкімшілігі қонақтармен алдын ала келісіп, сенімді екеніне көз жеткізгенде ішке кіргізіп отырған. Әкімдік өкілдері дәмхананың жұмыс істеп тұрғанын өздерінің қулығын қолдану арқылы әшкерелепті. Тексерісті үдеткен тәртіп сақшылары мен шенеуніктер көңіл көтеретін орындардың көбірек карантин талабын бұзатынын айтады. Карантин режимінде кальян ұсынған орталық енді 638 мың, ал қор-қор шегіп тұтылған адам 83 теңге айыппұл арқалайды.
Әли Әбілтаев, учаскелік инспектор:
- Үш мыңнан астам мекемені тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Өкінішке қарай, карантин режимін бұзатын орталықтар көп. Көбінесе көңіл көтеретін орындар талапқа бағынбайды. Жасырын жұмысістейтіндері де жетерлік. Тұрақты қонақтарына ғана есігін айқара ашып, кейде телефонмен тапсырыс қабылдайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!