{metadescription}
0:000:00
Зерделі тұрғындары жөндеу көрмеген үйге кіруден бас тартты

Зерделі тұрғындары жөндеу көрмеген үйге кіруден бас тартты

Баспанамызға қайта көшіп келмейміз. Алматыдағы Зерделі ықшам ауданының тұрғындары қала әкімдігіне осындай талап қойды. Олардың айтуынша, жеті ай бұрын қисайған үйдің іргетасы бекітілгенімен қабырғасы жарылып, есігі қисайған пәтерлердің ешқайсы жөнделмеген. Ал бұған дейін басқа жерден пәтер жалдап көмектескен әкімдік бес күннен кейін ешкімге қаржы берілмейтінін айтыпты. Бірақ тұрғындар жөндеу көрмеген пәтерлеріне кіруден бас тартып отыр. Тіпті, ашынған топ қауіпсіз деп, қайта көшіп келуге рұқсат етілген үйдің әлі қисайып тұрғанын айтады.

Жақындатып, камерамен қарасаңыздар, үйде жарықшақтар бар, қисайған салдарынан болған.

Гүлфарида Жақыпбева жеті айдан бері баспанасына бас сұғуға қорқады. Астан-кестеңі шыққан бір бөлмелі пәтерінде аяқ алып жүру қиын. Осыған дейін басқа жерден пәтер жалдап көмектескен әкімдік бес күннен соң «ешкімге қаржы бөлінбейді» депті. Бірақ көпқабатты үйдің сыртын сырлап, іргетасын бекіткен шенеуніктер пәтерлерді жөндеуді кейінге шегере берген.

Гүлфарида Жақыпбаева:

- 15-нен бастап өз үйлеріңізге көшіп келесіздер дейді. Ал өз үйімізде болған қабырғалардың жарылғаны, оларды көшіп алыңыздар, содан кейін ретімен жасаймыз дейді. Үш балам бар, мүгедек енем бар. Мен ас үйде отырып, олар менің залымды жасап жүре ме?

Былтыр желтоқсан айында Зерделі ықшам ауданындағы көпқабатты үй бір жағына қисайып, тұрғындар үдере көшкен еді. Мемлекеттік бағдарламамен берілген 72 пәтердің 50-ден астамы зақымданған. Ең сорақысы, пәтерлерінің жөнделуін күте-күте төзімі таусылған жұрт қисайған үйдің толық қалпына келмегенін айтады.

Дана Кенжебайқызы:

- Сағынтаев мырзаның өзі келіп көшірген болатын. Енді біздің сұрауымыз бойынша, қайтадан келіп өз қолымен кіргізсін. Мына үй толық жөнделген жоқ. Басында солтүстікке қарай қисайған болса, енді батысқа қарай қисайып тұр.

Ботагөз Сәдуақасова:

- Цифралардың бәрі көрсетіп тұр. КазНИСА-ның қорытындысында 10 сантиметрден астап бізде әлі қисайған жері бар. Алайда 55 пәтердің біреуін де әлі бастаған жоқ. Бұзылған жерінен. Міне, үйдің алды толы қоқыс.  

Баспанасына аттап басуға қорқып қалған тұрғындар кемінде бір ай уақыт беріп, «содан кейін көшіп келсек» деген пікірде. Бірақ көпқабатты үйде кінәрат жоқтығын қайталаған шенеуніктер олқылықтың орнын толтыруға уәде берді. 

Олжас Тәжібаев, Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының бөлім басшысы:

- Көп есік, терезе, керегенің майысуына байланысты жұмыстар бар. Сылау, әрлеу жұмыстары бар. Оны мейлінше тез істеуге, тырысуға тырысамыз. Қатты зақымданған 3-4 пәтер бар. Оны ең бірінші кезекте бастап, жұмысты 15-не дейін бітіреміз.

«Іргетасы бекітілген үйден ешқандай қауіп жоқ» деген әкімдік өкілдері  бес күн ішінде 50-ден астам пәтерді жөндеп үлгеретінін айтады. Бірақ, тұрғындардың 7 ай бойы аяқталмаған істің санаулы күнде шешімін табатынына сенгісі жоқ. Сондықтан баспанасына асыққан жұрт: «Егер табаламыз орындалмаса, есік алдына күрке тігіп, далаға түйнейміз» - дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.