{metadescription}
Заңсыз дәрі: Елордада 27 азамат ұсталып, 13 миллион тәркіленді
Заңсыз дәрі: Елордада 27 азамат ұсталып, 13 миллион тәркіленді

Заңсыз дәрі: Елордада 27 азамат ұсталып, 13 миллион тәркіленді

Нұр-Сұлтанда заңсыз препараттарды жасырын сатып келген дәріхана қызметкері ұсталды. Ол дәріхананың басқа бөлмесінде көлеңкелі кәсібін дөңгелеткен.

Тәркіленген тапшы антибиотиктердің өзі сатылымда болмаған. Клиенттерді жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін дәріхана қызметкері басқа бөлмеге жіберіп отырыпты. Сол жерде тұрғындар бірнеше есе қымбатқа, әрі фискалды чексіз сатып алған. Тінту барысында 2350 медициналық препарат тәркіленді. Оның арасында қазір вирусқа қарсы үлкен сұранысқа ие Цефтриаксонның мың бумасы бар. Одан бөлек ЦЕФ-3, азитромицин, парацетамол секілді дәрілер қорабымен жатыр. Соңғы бес күнде елордалық полицейлер заңсыз дәрі сатумен айналысқан 27 адамды қолға түсірген. Тәркіленген препараттардың жалпы құны 13 млн теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде