{metadescription}
Маңғыстау: Шенеуніктер салынып жатқан жол сапасын жария еткендермен соттаспақшы
Маңғыстау: Шенеуніктер салынып жатқан жол сапасын жария еткендермен соттаспақшы

Маңғыстау: Шенеуніктер салынып жатқан жол сапасын жария еткендермен соттаспақшы

Маңғыстау облысының шенеуніктері жаңадан салынып жатқан жолдың сапасын таспаға түсіріп, жұртшылыққа жариялаған тұрғындармен соттаспақ. Бейнетүсірілімде жұрт асфальт жабындысын бір қолменен көтеріп, оның қалыңдығын көрсетіп жатқанымен, жергілікті әкімдік жүгінген сарапшылар жол барлық талапқа сай деп отыр.

Ауылдық жерлерге салынып жатқан жолдардың сапасы туралы шу жергілікті атқамінерлерді әбден ашуландырған секілді. Үш бірдей ауыл тұрғындары асфальт жабындыларын көтеріп, қалыңдығын көрсетіп жатқан  бейнероликтер Қазнетке тараған. Онда жұрт 900 миллион теңгеге жуық мемлекет қаржысына салынған асфалттың сапасын сынады. Арнайы жүргізілген сараптама қорытындысы келесі аптада шығады. Бірақ жергілікті билік өздеріне сараптамасыз да сенімді. Қарапайым тұрғындардың уәжімен шенеуніктердің келіскісі жоқ. Тіпті әкімдіктің беделін түсіріп, ар-ожданына нұқсан келтірген тұрғындарды «сотқа тартамыз» деп ашулы отыр.  

Жансейіт Қайнарбаев, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары:

- Бұл жерде видеодағы түсірген бөлігі бойынша 20 сантиметр жердей асфальттың беткі жабындысы сынған. Бұл  асфальттың жалпы төселгеннен кейінғ 72 сағаттың ішнде ол қату процесіне айналады. Бұл жердегі тұрғынның уәжі бойынша, 72 сағатқа дейін өтпей, мына үлкен машинаның түсетін бұрылу қиылысынан асфальттың сынуына байланысты сондай жағдай орын алып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде