Қарағандыдағы дүлей дауылда 19 жасар бойжеткен мерт болды
Дүлей дауыл Қарағанды тұрғындарын әбден әбігерге салды. Қатты жел көшедегі ағаштар мен 18 ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен. Төтенше жағдайдың кесірінен 19 жастағы бойжеткен көз жұмды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
13.07.2020
Қайғылы жағдай Топар су қоймасының аумағында болған. Дауыл басталар кезде қыз үрмелі төсенішпен суда жүзіп жүрген екен. Желдің жылдамдығы секундына 21 метрге жеткендіктен, судан шығып үлгермеген. Соның салдарынан матрас аудалып, қыз суға тұншығып қаза тапты.
Сондай-ақ, төтенше жағдай кесірінен шаһардың ірі аудандары мен облыстың жеті елдімекені жарықсыз қалған. Қазір жергілікті билік электр жарығы қайта қосылғанын хабарлады. Әйтсе де коммуналдық қызметтер мен апаттық бригадалар дауылдың салдарын жоюмен әліде айналысып жатыр. Сонымен бірге желден келген шығын есептелуде.
Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы:
- Облыста түрлі ғимараттың шатырлары қирап, 18 оқиға тіркелді. Оның ішінде білім беру мекемелері де бар. Тұрғын үй, мәдинет үйі және адам көп жиналатын бизнес мекемелері де бар. 45-тей тал опырылып, 11 жеңіл көлік зардап шекті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!