{metadescription}
Алматыда 7 миллионнан астам бетперде тәркіленді
Алматыда 7 миллионнан астам бетперде тәркіленді

Алматыда 7 миллионнан астам бетперде тәркіленді

Алматыда медициналық бетперделерді заңсыз сатқандардың кезекті тобы құрықталды. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызмет өкілдері күдіктілерден 7 миллионнан астам бетперде тәркілеген. 

Елнар Игіліков, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:

- Алматы қаласындағы Шаңырақ ықшамауданында біздің жедел іздестіру тобымыз 1 миллион бетперде сатып алды. Сол сатып алған азаматтардан сұрастырып жатқан кезде бұл қойманы, яғни осы жерде қалған бетперделер  бар екенін түсіндіріп берді.

Жедел іздестіру тобы 1 миллион дана бетперде сатқан күдіктіні ұстаған соң, тергеуге алыпты. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандар Алматы облысының Іле ауданындағы бір қоймада тағы 6 миллион 400 мың дана жатқанын көрсеткен. Бас пайдасын көздегендер 7 жарым миллионға жуық қорғаныш құралын қайдан алғанын түсіндіре алмаған. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып, көп көлемдегі бетперденің негізгі иесі іздестіріліп жатыр. Ал тәркіленген тауарлардың талапқа сай екені анықталса  қолдануға болады дейді әкімдік өкілдері.

Александр Братенков, «Алматы адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

Бетперденің сыртқы түріне қарасаң, еш айырмашылық жоқ. Бірақ қайдан шыққан, сапасы қандай деген сұрақтарға арнайы сараптамадан соң жауап береміз. Егер сапасы талапқа сай болса, жедел штаб қолданысқа жіберудің жолын қарастырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.