{metadescription}
Аягөз: Интернатта 59 дімкәс бала КВИ жұқтырған
Аягөз: Интернатта 59 дімкәс бала КВИ жұқтырған

Аягөз: Интернатта 59 дімкәс бала КВИ жұқтырған

Басы даудан арылмаған Аягөздегі балалар интернатында 59 адамнан коронавирус анықталды. Онсыз да дімкәс балалар шетінен індет жұқтырған.

Тест қорытындысы бойынша ковид-19 шыққан 59 науқастың 22-і қызметкер болса, қалғаны тәрбиеленушілер. Бірақ, ешқайсында асқынған аурудың белгісі жоқ. Осыдан бірер апта бұрын да орталықтағы екі баладан ковид-19 расталды. Ол кезде орталық басшысы бұл бүлдіршіндер бізде емес, сыртта жұқтырған деп, жауапкершіліктен ат-тонын ала қашқан. Ал соңғы жағдайға байланысты кімді қалай дерт дендегенін анықтау үшін эпидемиологиялық тексеріс болатынын жеткізді.

Осыған дейін интернатта 10-нан астам бала ауруханаға түсіп, төртеуі қайтыс болды. Артынша орталық директоры Нұрлан Қантаев қызметінен кеткен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде