{metadescription}
Қазақстандағы коронавирусқа қатысты соңғы ақпарат
Қазақстандағы коронавирусқа қатысты соңғы ақпарат

Қазақстандағы коронавирусқа қатысты соңғы ақпарат

Көршіден келген көмектен қайыр бола ма? Вирус жұқтыру көрсеткішінен Қазақстанда алдыңғы орында тұрған Атырау облысына бүгін Ресейден дәрігерлер жетті. Аймақтағы ахуал ауыр. Мамандар жетіспей жатыр. Ал елде дертке шалдыққандардың саны 60 мыңға жақындады. Бірақ қарапайым халық түгілі, кейбір дәрігерлердің өзі бұл статистикаға сенбейді. «Көрсеткішті құбылтуды тоқтату қажет» деп мәлімдеме жасағандары да табылды.

Бірнеше аптадан бері ауру Атырау облысында асқынып тұр. Тек соңғы тәуліктің өзінде қауіпті індетті 266 адам жұқтырған. Барлық науқастың саны сегіз мыңға жуықтады. Коронавирус ел бойынша қатты асқынған облысқа дәрі-дәрмек қоры енді ғана жеткізіле бастады. Жығылғанға жұдырық, алдыңғы шепте арпалысып жүрген ақ халаттылардың бүгінге дейін 115-і жұқтырып, үшеуі көз жұмған. Медициналық мекемелер екі жүздей маман жетіспейді деп шырылдап жүр. Сол себепті бүгін Ресейдің Астрахань облысынан алты дәрігер көмекке келді. Алдағы аптада тағы бесеуі келеді. Олар жаңа ашылған инфекциялық стационарларда жұмысқа білек сыбанып кіріседі.

Махамбет Досмұхамедов, Атырау облысының әкімі:

- Жағдайды көріп отырсыздар. Біз қажетті стационарлық орындармен, дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықпен қамтамасыз етеміз. Бастысы сол, жасақталып жатқан орындарда науқастарды емдейтін дәрігерлерлер керек. Ресейден келген мамандар тамыздың үшіне дейін болады.

Дегенмен дертке қатысты ресми дерекке дәрігерлердің өзі күдікпен қарайды. Алматыдағы орталық клиникалық ауруханының дәрігері министрлік «статистикамен ойнауын доғарсын» деген мәлімдеме жасады. Мыңжылқы Бердіқожаев өкпенің қабынуымен тіркелген науқастардың күрт көбеюі осы коронавируспен тікелей байланысты деген пікірде.

Мыңжылқы Бердіқожаев, Алматы қаласы «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургия орталығының меңгерушісі:

- Коронавирус 2020 кз сайтындағы статистиканы көріп шықтым. Бұл көрсеткішке өкпенің қабынуынан қайтыс болғандар, оны жұқтырғандар кірмеген. Оның көбеюі осы ковид-19 бен тікелей байланысты. Сондықтан болған жайды мойындап, тиісті шара қабылдау қажет.

Алматылық дәрігердің мәлімдемесіне байланысты әзірге Денсаулық сақтау министрлігі артық тіс жармады. Осыған дейін Қазақстандағы Қытай елшілігі де осындағы өз отандастарын сақтануға шақырған еді. Олар да өкпенің қабынуы жиілеуін коронавирустың жаңа түрімен байланыстырды. Бірақ министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды. Қолда бар соңғы статистикаға көз жүгіртсек, 60 мыңға жуық науқас аталмыш індетке шалдыққан. 34 190 адам жазылғанмен, өкінішке қарай, 375-і келместің кемесіне мініп кете барды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде