{metadescription}
Түркістан облысында басшылар аза тұтамыз деп, асыра сілтеген
Түркістан облысында басшылар аза тұтамыз деп, асыра сілтеген

Түркістан облысында басшылар аза тұтамыз деп, асыра сілтеген

Түркістан облысында басшылар аза тұтамыз деп, асыра сілтеген. Көше бойында қаз-қатар тізіліп, коронавирустан қайтыс болғандарды еске алған дәрігерлердің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Қоғам белсенділері қысылтаяң шақта науқастың жанынан табылуы тиіс ақ халаттыларды жаппай көшеге шығаруды әбестік санап, наразы болды.   

Көліктер кетіп бара жатыр, дәрігерлер көшеде тұр...

Аптап ыстықта көшеде сапқа тұрғандар Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің қызметкерлері екен. Олар бас дәрігердің ұйымдастырумен елдегі аза тұту күніне қолдау білдірген көрінеді. Себебі, сол сәтте бірнеше қалада осы сарындағы флешмоб өткен болатын. Алайда көпшілік бір мекемеден бір сәтте бірнеше ондаған дәрігердің сыртқа шығуына қарсылық танытты.

Ал фейсбук әлеуметтік желісінде облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов шу тудырған оқиға барысында бас дәрігердің асыра сілтеп жібергенін мойындаған. Іле-шала шенеуніктің жеке парақшасынан бұл ақпаратты таппай қалдық. Бірақ ғаламторға тараған хабарламада әкім орынбасары қиын уақытта дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіруді қылмысқа теңеген. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы мән-жайдың анықталып жатқанынан басқа түк айтпады. Алайда аурухана басшылығы Ұлттық медициналық қауымдастықтың бастамасына үн қостық деп, өздеріне шаң жуытпады.  

Ғалымжан Нұржанов, Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасары:

- Әлеуметтік желілерде талқылауға түскен бейнеролик Ұлттық медициналық ассоциация президенті Садықова Айжан Бегайдарқызының 2020 жылғы 13 шілде күні 12:00-де аза тұту күніне байланысты елдімекендерде, мекемелер ауласына, автожол бойына медицина қызметкерлерінің шығып, коронавирус індетінен медицина қызметкрелеріне арнап бір минуттық үнсіздік  жариялау акциясына шақырылу хатына сәйкес өткізілген жеке инициативалық шара болатын. Бұл акциялық шараны өткізуге ешқандай да арнайы бұйырық немесе тапсырма болған жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.