{metadescription}
Аза тұту: Бір сәтке есік алдына шығып, бір минут үнсіз тұрды...
Аза тұту: Бір сәтке есік алдына шығып, бір минут үнсіз тұрды...

Аза тұту: Бір сәтке есік алдына шығып, бір минут үнсіз тұрды...

Бүгін бүкіл ел коронавирус құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 12-де Ақорданың алдына шығып, марқұмдарды еске алу шарасына қатысты.

Коронавирус індетінен қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады.

Президентпен бірге рәсімге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой және басқалар қатысты. Межелі уақыт болғанда барлық министрліктер мен мемлекеттік орган өкілдері бір сәтке есік алдына шығып, бір минут үнсіз тұрды. Министрлер, бас мемлекеттік санитар дәрігер және басқалар медициналық бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды ұмытқан жоқ.

Мемлекет басшысының өкімімен 13-шілде Жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленді. Осыған байланысты түнгі сағат 12:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ақорда, Үкімет үйі мен Парламент ғимараттары маңдайындағы көк байрақ та төмен түсірілді. Елорданың ортасындағы еліміздегі ең үлкен мемлекеттік ту да бүгін әдепкі биіктігінен төмендетілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде