{metadescription}
Алматыда тау баурайында демалуға тыйым салынды, бірақ...
Алматыда тау баурайында демалуға тыйым салынды, бірақ...

Алматыда тау баурайында демалуға тыйым салынды, бірақ...

Алматыда тұрғындардың тау баурайында демалуына тыйым салынды. Күшейтілген карантин режимі аяқталғанға дейін Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан сынды туристік орындарға көлікпен кіруге рұқсат жоқ. Бірақ таулы жерлерге тек жұмыс күндері жаяу немесе велосипедпен шығып, серуендеп қайтуға мүмкіндік бар.

Ол үшін тұрғындарға бірқатар талап қойылып отыр. Мәселен, демалушының өзімен бірге азық-түлік әкелуіне болмайды. Сондай-ақ, Ұлттық парк аумағында 3 адамнан артық топтасуға тыйым салынды. Бұл ереже бүгіннен бастап енгізіліп, тауға көлікпен келгендер кері қайтарылып жатыр. Ал, жаяу жүргіншілердің сөмкелері жіті тексерілуде. Сенбі және жексенбі күндері таулы орындар мүлдем жабық болады. Бұл күндері аумаққа тек осында тұратындар ғана өте алады. Ұлттық парк қызметкерлері соңғы уақытта тауда тынығамын деп, карантин талаптарын өрескел бұзушылардың жиілегенін айтады. Өткен аптаның өзінде осындай 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Алдағы уақытта тәртіпке бағынбағандардың 300 мыңға дейін айыппұл арқалауы мүмкін.

Тілек Әділжанов, Іле-Алатау ұлттық паркі бас директорының орынбасары:

- Тәртіп бұзғандарды әкімшілік жауапқа тартамыз. Құқық қорғау органдарымен бірге. От жаққан жағдай болған жағдайда және СЭС-пен бірігіп егер социалды ара-қашықтықты сақтамай, көптеп жиналып, пикник ұйымдастырған кезде оның барлығы айыппұл мен және әкімшілік құқық бұзушылық кодексімен реттеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде