Елордада КВИ жұқтырғандардың саны екі есеге қысқарды
Қатаң карантин шараларының көмегі көп. Нұр-Сұлтанда шілденің 5-нен бастап коронавирус жұқтырғандардың саны екі есеге қысқарды. Соның арқасында елордалық дәрігерлер мен ауруханалардағы қауырт жүктеме де азайған.
Автор: Мақсат Мәлік
14.07.2020
Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы ауруханаларға күніне 500 науқас жеткізілсе, қазір олардың қатары екі есе төмендеген. Карантин күшейтілгенде қатерлі дерттен емделіп шыққандардың қатары екі есеге артыпты. Қазір қала бойынша ковид-19 жұқтырған 7 мыңға жуық науқас тіркелсе, оның 4 мыңнан астамы індеттен құлан-таза айыққан. Ал карантин шараларын сақтау адам өмірін індеттің ілмегінен арашалаудың бір көрінісі екенін айтқан қала басшылығы, әзірге босаңсымай, санитарлық талаптарды мүлтіксіз орындауға шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!