{metadescription}
Қорымдағы қарбалас: Жерлеу үш есеге артқан
Қорымдағы қарбалас: Жерлеу үш есеге артқан

Қорымдағы қарбалас: Жерлеу үш есеге артқан

Жерлейтін орын қалмай барады! Әлеуметтік желіде бірнеше аптада кенет лық толған қорымдардың видеосы қызу талқыға түсті. Көңіл жабырқатар көріністі көпшілік коронавируспен байланыстырады. Жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар да тапсырыстың бірден үш есеге артқанын айтып отыр. Қорымдардағы қарбаласты тілшіміз көріп келді.

- Мынаны қара! Ана жақта көміп жатыр. Міне, тағы қазып жатыр.

Қорымда қаз-қатар тізілген, топырағы кеппеген ондаған мола кімнің де болмасын денесін түршіктереді. Мұндай көріністі, сірә, соғыс туралы кинодан ғана көрген шығармыз.

- Болды, толды. Толды, орын жоқ енді, ары кетсе, бір жиырма адамдық қана жер қалды.

Бұл зират Талдықорған шетіндегі Еркін ауылында орналасқан деп көрсеткен. Қазір мұндай бейнероликтер желіде желдей еседі. Мәселенің байыбына үңілуге Алматыдағы Кеңсай қорымына бардық. Онсыз да лық толы тау бөктеріндегі зираттың етегі жаңа молаларға толған.  Жер қазып жатқан қабіршілер көп. Бейітке ескерткіш тас дайындайтын шеберлер де мұнда беттеген қаралы көштің көбейгенін растап отыр.

- Жерлеу көбейіп жатыр.

- Бұрын осындай жиі жерлеуді байқадыңыз ба?

- Байқамаппын.

Алматыдағы жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтың бірі қазір күніне орташа 80 адамды соңғы сапарға аттандырамыз деп отыр. Бұрын бұл көрсеткіш екі жарым есе аз болған екен.

Марат Исмаилов, Жерлеу рәсімі орталығының өкілі:

- Бұрын күніне 27 -28 адам, 25 адам қайтыс болса, қазір күніге, бүгін, мысалы, 80 адам.  Бұрын арнайы қорым, бөлек зират болған. Қазір кез келген зиратқа қойып жатырмыз.

Ахуал ауыр. Арғы жақта ақ халаттылар өмір үшін арпалысып жатса, мына жақта қабіршілер мола қазып үлгере алмай әлек. Өлім статистикасы осылай өсе берсе, көпшіліктің молада орын қалмайды деген күдігі, өкінішке қарай, расталуы мүмкін...

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде