{metadescription}
0:000:00
​​​​​​​Тұздыбастау тұрғындары 10 жылдан бері интернетке жарымай жүр 

​​​​​​​Тұздыбастау тұрғындары 10 жылдан бері интернетке жарымай жүр 

Алматы облысында тұтас бір ауыл соңғы 10 жылдан бері интернетке жарымай жүр. Тұздыбастау тұрғындары Қазақтелекомға, әкімдікке қанша рет айтқанымен, әлі күнге дейін еш қайыр болмаған. Интернетке жауапты адамдар 45 миллион жинағанда ғана жұмысқа кірісеміз деген көрінеді. Ал жаңа оқу жылы онлайн режимде басталатыны баршаға аян. Сондықтан ауыл балалары интернет жоқтығынан білімнен тағы қағылғалы отыр. Тұрғындар базынасын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Алматы іргесінде болғанмен, құдды өткен ғасырдың күйін кешкен ауыл. Тұздыбастаудағы тұрғындардың ғаламторға жарымай, қақпаған есігі, тоздырмаған табалдырығы жоқ. Бірақ әлі күнге дейін интернернетке қол жеткізе алмай отыр.

Ізім Әбдіқайым, Тұздыбастау ауылының тұрғыны:

- Үкімет те, Талғар әкімдігі де істемейді. Ешкімнің шаруасы жоқ. Қараусыз қалғанбыз. Бүгін, міне, көршілер жиналып тұр.

Бақтығали Таубаев, Тұздыбастау ауылының тұрғыны:

- Бұл кісілердің балалары қалай оқиды? Қалай білім алуы керек? Соны енді мына басшылықта отырғандар кішкене ойлану керек қой. Міне, небәрі бір жарым ай қалды. Интернетті кіргізіп бермейтін болса, ертең балалар сауатсыз қалады. Әлде Үкіметке сауатсыз, тек құл ғана керек пе екен? Ондай болса келіп айтсын.

Интернетке жауапты Қазақтелеком тұрғындарға тек 45 млн. теңге жинағанда ғана жағдай жақсарады деген көрінеді. Бірақ оны ортақтасып жинауға жұрт құлықсыз. Ал жергілікті әкімдік «бұйырса, шешеміз» деген жауаптан әрі аса алмай отыр.

Нұрбек Құлмырзаев, Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің орынбасары:

- 14-шілдеде Айсұлу ықшам ауданының тұрғындары бізге өтініш айтты. Біздің атымыздан Қазақтелекомға өтініш жазып бердік. Енді ол кісілер заңға сәйкес 15 күнде жауап береді.

Әкімдіктің берген уәдесінен тұрғындар әбден шаршаған. Жылда бұл ауылда басшылар ауысатындықтан, үнемі аяқсыз қалатын көрінеді. Екі аптада бұл жайттың тігісі жатқызылмаса, тұрғындар мемлекет басшысына хат жазуға бел буып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде