Бетпердесіз жүргендермен күрес күшейтілді – Алматы
Бетперде тақпайтындарға тосқауыл табылмай тұр. Алматыда адам көш шоғырланатын орындарды, әсіресе жабық нысандарды тексеруге алған жергілікті билік өкілдері карантин ережесін елемейтіндермен күресті күшейті. Өкінішке қарай, күн сайын түсіндіру жұмысы жүргізілсе де, карантин талабын бұзып, айыппұл арқалап жатқандар көп. Бетперде тақпақ түгілі, толтырылған әкімшілік хаттамаға қол қоймай, қарсылық көрсететіндер бар.
Автор: Мақсат Мәлік
17.07.2020
- Келіспесеңіз, заңды түрде қарсылығыңызды жазасыз.
- Бірақ қазір мен қол қоймаймын.
Киім-кешек сататын шағын дүкеннің үш қызметкері де карантин талабын бұзып, бетперде тақпаған. Бірақ түрлі сылтау айтқан дүкен қызмткерлерінің бірі хаттамаға қол қоймай, тексерушілерді біраз әбігерге салды. «Әкімшілік жауапкершіліктен ешкім қашып құтылмайды», - дейді жергілікті әкімдік өкілдері. Тіпті карантин ережесін аяқ асты еткенімен, құжатын көрсете алмағандарды ішкі істер бөліміне әкетіп жатыр. Арнайы топ бұдан өзге дәмхана, мейрамхана аралап, қызметкерлердің бетпреде таққан-тақпағанын қадағалап шықты. Өйткені дәл осындай кәсіпкерлік нысандарда заң бұзушылықтар жиі кездеседі. Керек десеңіз, дәріхана немесе дүкенге бетпердесіз кірген жеке тұлғалар да құрыққа ілігуде. Адам көп шоғырланатын аялдама және қоғамдық көліктер де нысанаға алынған. Тексерушелер: «Бас салып жазалаудан гөрі, әуелі түсіндірме жұмысына көп мән береміз» - дейді.
Қайрат Нұрқасымов, Медеу аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы:
- Бүгінгі таңда түсіндіру жұмысы көптеп жүргізіледі. Өйткені қазір 50 пайыз жеңілдікпен 41 мың төлеген де аз ақша емес. Сол себептен «Рахым» деген қоғамдық қорды көмекке шақырып, ол 20 ерікті бөлп, халыққа жан-жақты түсіндіріп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!