{metadescription}
0:000:00
КВИ жұқтырғандар мен пневмония мәліметі біріктіріледі 

КВИ жұқтырғандар мен пневмония мәліметі біріктіріледі 

Коронавирус жұқтырғандар мен пневмония мәліметтері енді біріктірілетін болды. Ол Covid-19 болуы мүмкіндердің қатарына жатқызылып, ортақ статистикамен саналады. Бұл жаңашылдық тамыз айынан басталады. Ол мақсатта медицина қызметкерлерінің құзыреті кеңейтіледі.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Ковид-19 жұқтырушылар мен одан қайтыс болғандардың статистикасы екі түрлі дереккөзден құралады. Ковид-19 жұқтырғандығы зертхана арқылы анықталғандармен нақтыланбаған, бірақ Ковид-19-ға ұқсас симптомдары бар вирустық пневмониялардан тұрады.

Бұл жаңашылдық Қазақстанды коронавирус жұқтырушылар саны бойынша әлемдік рейтингінде төмен түсіретіні түсінікті. Дегенмен оңтайлы жағы да бар дейді министр. Мысалы, науқастар санын дұрыс болжауға, керекті ресурстарды, яғни, медицина қызметкерлері мен ауруханалардағы орынды, медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектерді нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Әрі статистика да ашық жүргізіледі дейді.

Жалпы, жыл басынан бері өкпе қабынуына ұшыраған және содан көз жұмғандар саны 234 187 адам. Яғни өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 3 есеге артқан. Дегенмен бұл өкпе қабынуының барлық түрі бойынша жиналған дерек. Ал нақты пневмониядан осы аралықта 3327 өлім тіркелген. Бұл да былтыр өлім-жітімнен екі еседей көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде