Алматыда қаңғыбастар арасында қанды қылмыс болды
Алматыда қаңғыбастар арасындағы жанжал қанды қылмыспен аяқталды. Оқиға олар уақытша тұрып жатқан бейімдеу орталығында болған. Үй-күйі жоқ орта жастағы ер адам қасындағы қаңғыбасты бауыздап тастапты.
Автор: Салтанат Шырынхан
20.07.2020
Қазір бейімдеу орталығының ғимаратында жөндеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан мұндағы тұрғындар екі ай бұрын ауладағы күркелерге көшірілген екен. Қос панасыздың таң сәріде не бөлісе алмай қалғаны белгісіз. Ал ажал құшқан – 71 жастағы адам. Мекеме басшылары қанды қылмысты жасырғысы келсе керек, карантинді сылтауратып тілшілерді ішке кіргізбеді. Ал тәртіп сақшылары қаңғыбастар мекеніндегі оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастаған.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:
-Адам өлімінің себеп-салдарын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала анықталғандай, екі тарап бір-бірімен жанжалдасып, нәтижесіндже бір тарап екіншісіне пышақ қолданған. Соның салдарынан адам өлімі болған. Қазір тергеу амалдары жалғастырылуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!