Алматы облысында бес көлік соғылып, жойқын жарылыс болды
Алматы облысында бес көлік соғылып, бір адам ажал құшты. Жантүршігерлік жол апатына газ тасымалдайтын машинаның жүргізушісі себепкер болыпты. Көгілдір отынға толы жүк көлігі сол жерде жарылып кеткен.
Автор: Салтанат Шырынхан
20.07.2020
Оқиға Алматы-Өскемен тас жолында болған. Жүйткіген «ЗИЛ-дің» 38 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жанында келе жатқан патрульдік машинаға соғылыпты. Онымен де тоқтай алмай, тағы екі жеңіл машина мен басқа жүк көлігін соғып, өзі де аударылған. Соның салдарынан «Мазда» маркалы машинаның жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Полицейлер «Зил» жүргізушісі мен басқа да жолаушыларды көлігінен шығарып үлгерген, Іле-шала жойқын жарылыс болыпты. Апаттан оңбай жараланған бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!