Тараздағы рейд: Тексерушілер құтқарушыларды көмекке шақырды
Таразда карантин талаптарын өрсекел бұзған мейрамхана қожайыны мен қонақтар тексерушілерді біраз әбігерге салды. Түн ортасында думандатқан 40-қа жуық адам күтпеген қонақтарды көре сала, вип-бөлмелерге қашып тығылып, есікті іліп алған. Тіпті есікті аша алмаған тексерушілер құтқарушыларды көмекке шақырды.
Автор: Мақсат Мәлік
20.07.2020
Түн ішінде жасырынбақ ойнап, тексерушілерді әбігерге түсірген әдісті мейрамхана әкімшілігі ойлап тапқан екен. Алайда карантин ережелерін елемей жұмысын жалғастырғандардың қулығы іске аспады. Тәртіп сақшылары бұрыш-бұрышқа тығылған мейрамхана қонақтарын да бір-бірлеп сыртқа шығарды. Ешқайсысы бетперде кимеген. Мұндай заңбұзушылық қаладағы өзге де көңіл көтеретін орындардан анықталыпты. Тексеруішелер көңіл көтеремін деп тұтылғандардың бәрі әкімшілік жауапқа тартылғанын айтады. Бір түннің ішінде 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!