Президентке есеп: Заңсыз айналымнан қанша медициналық препараттар тәркіленді?
Соңғы екі апта ішінде заңсыз айналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрілік препараттар, жарты миллион медициналық бетперде мен 36 мың медициналық бұйым тәркілеген. Президентке есеп берген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осындай деректерді жариялады.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.07.2020
5-шілдеден бері жүргізілген рейдте аталған медициналық заттардың қымбат бағада сатылғаны анықталыпты. Ішкі істер органдары дәрілік заттарды заңсыз сатудың 348 фактісінің жолын кескен. Ал полицияға жеткізілген 284 адамның ішінде 138-і медицина саласының қызметкерлері екен. Дәрі-дәрмектің үлкен көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында алынған. Олардың бәрі денсаулық сақтау органдарына беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!