{metadescription}
Қытайда бірнеше елдімекен су астында қалды
Қытайда көшкін салдарынан сегіз мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Алайда Хубэй провинциясында болған табиғи апаттан бірнеше елдімекен су астында қалды. Қытай билігі шығын көлемін есептеуде. Кеше Цинцзян өзеніне көп мөлшерде тас пен құм түсіп, су деңгейі тез көтерілген. Дегенмен жергілікті тұрғындар дер кезінде бас ауғалап үлгеріпті. Оған қоса, түні бойы жауған толассыз жауған жауын-шашын да жығылған үстіне жұдырық болған. Табиғи апаттан ешкім зардап шекпеген.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
22.07.2020
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!