{metadescription}
АҚШ Хьюстондағы Қытайдың бас консулдығын жабуды талап етті
АҚШ Хьюстондағы Қытайдың бас консулдығын жабуды талап етті

АҚШ Хьюстондағы Қытайдың бас консулдығын жабуды талап етті

АҚШ Хьюстондағы Қытайдың бас консулдығын жабуға 72 сағат берді. Бұған кеше ғимараттың ауласынан шыққан өрт себеп. Құқық қорғау орындары дипломаттар «құжаттарды өртеп жатыр» деген хабар алғанымен, оларды ішке ешкім кіргізбепті. Айта кетейік, осыған дейін АҚШ коронавирусқа қарсы жасалып жатқан вакцина туралы деректердің жоғалып кетуіне Қытайдың екі азаматын кінәлаған болатын.

Енді  АҚШ билігі түбегейлі шешім шығарып, консулдықты босатуды талап етті. Ал Қытай тарапы мұны Американың «бір жақты қабылдаған асығыс шешімі» деп отыр. Сондай-ақ, бұл әрекеттің халықаралық құқық пен екі ел арасындағы қарым-қатынасты бұзатынын айтуда. Ресми Бейжің АҚШ-тың Қытайға бұрыннан қырғиқабақ танытатынын мәлімдеді. Өйткені бұл уақытқа дейін дейін бас консулдыққа бомба қойылғанын айтып, қоқан-лоққы жасалған көрінеді. «Вашингтон бұл шешімінен бас тартпаса, біз қарап қалмаймыз», - дейді Қытай Сыртқы істер министрлігіндегілер. Яғни, жауап ретінде Құрама Штаттардың Уханьдағы консулдығын жабуды қарастырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде