{metadescription}
Ескерту: Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
Ескерту: Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

Ескерту: Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

Табиғаттың тосын мінезі. Алдағы үш күнде елімізде ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр қатты нөсерлетіп, артынша күн салқындайды.

Шілденің шіліңгір ыстығында табиғаттың тосын сыйына дайын болуды ескерткен Қазгидромет өкілдері шілденің 23-25 аралығында ел аумағында жаңбыр құйып, ауа температурасы төмендейтінін айтады.

Қазақстанға жылжыған солтүстік-батыс циклонының әсерінен жел күшейіп, найзағай ойнайды. Оңтүстікте шаңды дауыл жолындағысын жайпап, жаңбырдың соңы бұршаққа ұласуы мүмкін.  Ал Солтүстік Қазақстан облысында ертең дабылды ескерту жарияланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде