{metadescription}
Күшейтілген карантинде Алматыда жезөкшелер ордасы істеп тұрған
Күшейтілген карантинде Алматыда жезөкшелер ордасы істеп тұрған

Күшейтілген карантинде Алматыда жезөкшелер ордасы істеп тұрған

Алматыда күшейтілген карантин кезінде  клиенттерге интимдік қызмет ұсынған жезөкшелер ордасы әшкереленді. Полиция қамауға алғандардың біразы алыс-жақын шетелден келген жеңіл жүрісті қыздар. Сырт қарағанда ештеңе байқалмайтын үш қабатты зәулім үйге жайғасқан қыздар «массаж қызметін көрсетеміз» деп хабарландыру таратқан екен. 

Тәртіп сақшылары хан сарайындай үш қабатты үйді екі апта бойы бақылауға алыпты. Күдіктері расталып, үй нағыз жын-ойнақтың ортасы болып шыққан. Арнайы опреация барысында үйге басып кірген полицейлер бір сәтте 12 қыз-келіншекті ұстап әкетті. Олардың үшеуі – Моңғолия, біреуі – Тәжікстан және тағы біреуі Өзбекстан азаматы. Қалғандары Алматыға еліміздің өзге аймақтарынан келгендер. Коттедж ішінде клиентерге барлық жағдай жасалған. Ғимарат жанында жеңіл жүрісті қыздарға  арналған шағын жатақхана да бар. Ал асқан сақтықпен қимылдаған жеңгетайлар ішке тек сенімді клиенттерді кіргізген. Полиция департаменің өкілдері карантинді елемей, қызық қуған жігіттер де жазадан тыс қалмайды дейді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

-Аталмыш ғимараттың иесіне Әкімшілік кодекстің 450-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Ал қыз-келіншектердің барлығына карантин режимін бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 425-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұдан былай бұл азаматтар жіті бақылауға алынады. Қандай да бір қылмысқа және басқа құқық бұзушылыққа қатыстылығын тексереміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде