Көлсай көлі карантинге жабылады
23-шілдеден бастап Көлсай көлі де карантинге жабылады. Осылайша күшейтілген режим аяқталғанша, Алматы облысындағы табиғаты көркем жерге кез келген адамның баруына тыйым салынды.
Автор: Мақсат Мәлік
22.07.2020
Жаз шыға демалушылар аяғы үзілмейтін «Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық паркі 2-тамызға дейін табиғатына тамсанып қайтатын қонақтарын қабылдай алмайды. Бұл шара коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында жасалған. Бұған дейін өткен демалыста Көлсайдың екі күнге жабылғаны туралы ақпарат тараған. Айта кетейік, осының алдында Медеу, Бутаковка және Алма-Арасан шатқалдарына туристердің келуі тоқтатылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!